Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
447.94 502.32 5.52

Абай облысының студенті әлем чемпионатында алтын медаль иеленді

22-09-2025, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

10–15 қыркүйек аралығында Болгарияның Албена қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында пара қол күрестен

27-ші әлем чемпионаты өтті. Жарыс Армрестлингтің Дүниежүзілік Федерациясы (WAF) ұйымдастырған 46-шы әлемдік пара қол күресі чемпионаты аясында өткізілді.

Чемпионатқа әлемнің 24 мемлекетінен 547 спортшы қатысып, өз бақтарын сынады.

Абай облысы IT және жаңа технологиялар жоғары колледжінің 3-курс студенті Данил Тихонов 55 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, І орын иеленіп, алтын медаль жеңіп алды.

Жас спортшыны колледж ұжымы, ата-аналар мен студенттер қошемет көрсетіп қарсы алды. Жаттықтырушысы – Данияр Тайменов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив