Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Абай облысында «Колледж барысы-2023» жеңімпаздары анықталды

1-12-2023, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Колледж барысы - 2023» облыстық жарысы өтті. Қазақ күресі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылды. 

Қазақ күресінің мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, спортшы жас өркендерді тәрбиелеу. Жарысқа 72 және 72+ екі салмақ дәрежесі бойынша 21 колледжден 63 спортшы қатысты.

Жарыс нәтижесі бойынша 72 кг салмақ дәрежесінде Шәкәрім жоғары колледжінің студенті Сабыржан Мақсұтов 1 орын алып, «Колледж барысы – 2023» атағын алды. 2 орынды Геологиялық барлау коледжінің студенті Досымжан Мейрамбеков иеленсе, 3 орын Олимпиада резервінің аймақтық спорт колледжінің студенті Олжас Кенжеғазинға берілді.

72+ кг салмақ дәрежесінде Олимпиада резервінің аймақтық спорт колледжінің студенті Керім Фермабек 1 орын алып, «Колледж барысы – 2023» атағын алды. 2 орынды Олимпиада резервінің аймақтық спорт колледжінің студенті Даниель Жемагулов иеленсе, 3 орын М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенті Манар Дәулетбаевқа берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив