Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай1°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-4°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау-3°С
  • Курчатов10°С
  • Көкпекті-4°С
  • Үржар-0°С
537.77 622.95 6.65

«Таза Қазақстан» эко-акциясы аясында Саржалда саябақ ашылды

29-09-2025, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Ауданда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қоршаған ортаны қорғау, ауылдарды көріктендіру мен абаттандыру, тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында бірқатар жүйелі іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Өткен жылы ұйымдастырылған «Үздік ауыл – 2024» байқауының жеңімпазы болып Саржал ауылы  атанған еді.

Аталған байқауға ауданға қарасты ауылдық округтер қатысты. 

Жүлдеқоры ретінде жеңімпаз ауылға 20 млн теңгенің сертификаты табысталып, бұл қаржы ауылды абаттандыруға бағытталды.

Ауыл тұрғындарының шешімімен осы қаражат есебінен орталық саябақ салынып, бүгін пайдалануға берілді. Салтанатты ашылу рәсімі кең көлемде ұйымдастырылып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Шара барысында игі бастама жалғасын тауып «Үздік ауыл – 2025» байқауының да қорытындысы жарияланып, жеңімпаз ауылдар марапатталды:

• І орын – Көкбай ауылдық округі (15 млн теңге)

• ІІ орын – Қасқабұлақ ауылдық округі (10 млн теңге)

• ІІІ орын – Тоқтамыс ауылдық округі (7 млн теңге)

• ІІІ орын – Саржал ауылдық округі (7 млн теңге)

Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы өз сөзінде ауылдарды дамыту мен көркейту – ел болашағына қосылған үлес екенін атап өтіп, игі бастамаға белсенді қатысқан тұрғындарға алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив