Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
462.91 542.16 6.16

Теңбіл доп бәсекесі ірі есеппен аяқталды

14-04-2023, 18:00 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан футболының отанына айналған Семей қаласының «Елімай» футбол клубы үш дүркін ел чемпионы болғаннан кейін араға бірнеше жыл салып қазақ футболына қайта оралды.

«Елімай» футбол клубы өз алаңында «Астана М» құрамасын 6:0 есебімен ойсырата жеңді. 

Бұл жеңіс клуб жанкүйерлеріне ерекше көңіл-күй сыйлады. 

Ұзақ жылдар бойы тұралап қалған «Спартак» стадионы қайта жанданғандай.

Шараға Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев бастаған өңір тұрғындары мен клуб жанкүйерлері қатысты.

Қарсыластың қақпасына дубльді Арман Нүсіп орындаса, Нұрсұлтан Советқазы, Еркебұлан Нұрғалиев, Әлібек Жардемов пен Еңсебаев мергендіктерін танытып қақпаға гол соқты.

Айта кетейік, «Елімай» футбол клубы келесі матчты 22 сәуір күні Алматы қаласында «Жас Қыран» ФК-ге қарсы өткізеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив