Алаш мұрасындағы сабақтастық
Әлихан Бөкейхан университетінде «Әлихан оқулары – 2023. Алаш мұрасы: тағылым және сабақтастық» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференцияға Қазақстан, Түркия, Ресей, Жапония мемлекеттерінен ғалымдар қатысты. Ғылыми отырыста білімімен бөліскен бірқатар ғалым қонақ болды.
Шараға Абай облысы әкімінің орынбасары Ш. Байбеков, Әлихан Бөкейхан университетінің ректоры, профессор Ш. Құрманбаева, Абай облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы А. Садырбаев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Е. Тлешов, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор М. Қойгелдиев, Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің ректоры, «Қазақстан тарихшыларының ұлттық конгресі» басқармасының төрағасы, ҚР ҰҒА академигі Е. Сыдықов, Ж. Досмұхамедов атындағы «Қайраткер» қоғамдық қорының төрағасы Д. Сүлейменова, Анкара қаласындағы Хаджы-Байрам университетінің профессоры Г. Курмангалиева-Ерджиласун (Түркия), Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті «Абай және ұлттық руханият» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, ф.ғ.д., профессор А. Еспенбетов, Алаштанушы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің директоры Т. Шаңбай, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ «Ел тарихы» ҒЗИ директоры Е. Сайлаубай, Жапондық ғалым Уяма Томохико «Хоккайдо» университетінің профессоры, «Абай академиясы» ҒЗИ директоры Ж. Әубәкір, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінен ғалым Р. Байдалы қатысты.
Құрылтайды Шырын Асылханқызы салтанатты түрде ашып бергеннен кейін, баяндамаларға кезек берілді.
Баяндама оқу барысында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеттінің ректоры – Ерлан Сыдықов Әлихан Нұрмұхамедұлының өз қолымен жазған жазбаларын және құжаттарын ABU университеті ұжымына табыстады.
Іс - шараға арнайы келеген Түрік елінің Хаджы - Байрам университетінің профессоры – Гүлмира Құрмангалиева екі университет арасындағы тығыз байланыстың жоғары деңгейде екенін көрсетті.
Әлихантанушы, ғалым – Виктор Козодой Ресейден тікелей байланысқа шығып, пікір алмасты. Әлихантану ғылымы тек Қазақстанда ғана емес сонымен қатар өзге елдеде дамып келе жатқанын тілге тиек етті.
Жапон профессоры, алаштанушы – Томохико Уяманың қазақша баяндамасы жиын қонақтарының таңданысын туғызды.
Конференция аясында тек баяндамалар оқылып қана қоймай, ұлт көсемі -Әлихан Бөкейханға арналған «Алаштың Әлиханы» атты композициялық суреттер топтамасының тұсауы кесілді. Көрме авторы ҚР дизайнерлер одағының мүшесі, суретші, кескіндемеші – Алмас Болатханұлы Сырғабаев болды.
Пленарлық отырыстың қорытындысы ретінде «Әлихан туралы естеліктер», «Әлихан Бөкейхан фотоальбомы» атты 2 бірдей кітаптың тұсауы кесілді.
Жиын қонақтарына және қала тұрғындарына арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. «Наурыз-Думан 2023» мерекелік концертінде Әміре Қашаубаев атындағы филлармония өнерпаздары өнер көрсетті. Сонымен қатар халқымыздың салт – дәстүрлері орындалды әрі сахналанды. Шашу шашылып, университет ауласында тұрған киіз үйге кең дастархан жайылды. Жеті қазынаға жататын қыран бүркіт әкелінді. Университет ұжымы сахнаға Ойсылқара малы түйені де алып шықты.
«Біздің жоғарғы оқу орынымызға биыл 25 жыл. Сол 25 жылдық аясында «Әлихан оқулары» іс шарасының бастамасы ұйымдастырылып отыр. Наурыз айында ауа-райының суық болуына байланысты Наурыз мерекесін университет және қала көлемінде осы күні тойлауды дұрыс деп шештік. Жапониялық, Түркиялық, Ресейлік алаштанушыларымызға қазақтың жаңа жылын көрсете білгенімізге қуаныштымыз», - деді университет ректоры Шырын Құрманбаева.