Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Семейде «Әлихан оқулары – 2023. Алаш мұрасы: тағылым және сабақтастық» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді

13-04-2023, 12:49 Alikhan Bokeikhan University

Әлихан Бөкейхан Университетінің ұйымдастыруымен Семей қаласында оқу орнының құрылғанына 25 жыл толуына орай «Әлихан оқулары – 2023. Алаш мұрасы: тағылым және сабақтастық» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

Конференцияның мақсаты – көрнекті мемлекет әрі қоғам қайраткері, «Алаш» қозғалысының жетекшісі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның тарихи тұлғасы мен артына қалдырған мұрасының ұрпақтар сабақтастығындағы рөлін насихаттау, Алаш қайраткерлерінің саяси-әлеуметтік және ғылыми мұраларын зерделеу.

Конференцияның пленарлық мәжілісіне Қазақстан, Түркия, Ресей, Қырғызстан елдерінің жетекші ғалымдары, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Абай облысы әкімдігінің басшылары, қоғам қайраткерлері, білім алушы докторанттар мен магистранттар, білім беру және мәдениет салаларының мамандары қатысады.

Атап айтқанда, пленарлық мәжіліс барысында:

- ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тлешов; 

- ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелді

- Л.Н. Гумилев  атындағы  Еуразия Ұлттық университетінің ректоры, «Қазақстан тарихшыларының Ұлттық конгресі» басқармасының төрағасы, ҚР ҰҒА академигі Ерлан Сыдықов;

- Анкара қаласындағы Хаджы-Байрам университетінің профессоры, алаштанушы ғалым Гүлмира Құрмангалиева (Түркия)

- Хоккайдо университетінің профессоры, алаштанушы ғалым Томохико Уяма (Жапония);

- Әлихантанушы ғалым, т.ғ.д., профессор Виктор Козодой (Ресей)

- Ж. Досмұхамедов атындағы «Қайраткер» қоғамдық қорының төрағасы, ғалым Дәметкен Сүлейменова;

- А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, Рауан Байдалы сынды ғалымдар баяндама жасайды.

Пленарлық отырыс барысында Анкара қаласындағы Хаджы-Байрам университеті мен Әлихан Бөкейхан Университеті арасында ғылыми зерттеу және білім беру жұмыстарын жүзеге асырудағы өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады.

Сонымен қатар, Әлихан Бөкейхан Университеті «Алаштану» ғылыми-зерттеу орталығының редакциясымен жарық көрген «Әлихан туралы естеліктер» кітабы мен «Әлихан Бөкейхан» фотоальбомының тұсаукесері өтеді.

Сондай-ақ, Конференция жұмысы аясында ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, танымал суретші, кескіндемеші Алмас Сырғабайдың «Алаштың Алиханы» атты композияциялық топтамасының тұсау кесер рәсімі өтеді. Суреттер топтамасы Әлихан Бөкейхан Университетінің тапсырысымен орындалып, оқу орнының 25 жылдық мерейтойына арналады.

Іс-шара соңында Университет кампусында Конференция қонақтары мен қала тұрғындарына арнап, «Наурыз – Думан 2023» мерекелік іс-шарасы өтеді. Іс-шара бағдарламасында Әміре Қашаубаев атындағы филармония өнерпаздары мен Университет студенттері ұйымдастырған мерекелік концерттік бағдарлама, ұлттық ойындардан жарыс, Қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы киелі ұғымдардың бірі – «Жеті қазына" концепциясын таныстыру, ұлттық тағамдардан жайылған мерекелік дастархан ұйымдастырылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив