Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.02 536.18 5.54

Семей қаласында 40-тан астам аулаға асфальт төселді

24-10-2025, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев қаладағы аула жолдарына асфальт төсеу жұмыстарымен танысты.

Биыл Семей қаласында 40-тан астам аула жолдарына жаңа асфальт жабындысы төселді. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

«Қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту – басты мақсатымыз. Аулалар мен көшелердің жағдайын ретке келтіру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады», – деді қала әкімі Әділет Қожанбаев.

Айта кетейік, аула жолдарын жөндеумен қатар, Семейде 35 аула аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте балалар ойын алаңдарын орнату, көгалдандыру қарастырылған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив