«Үздік мекеме ғимараты – 2025» байқауының жеңімпаздары марапатталды
 
        
        
        
    «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Абай ауданында өткен «Үздік мекеме ғимараты – 2025» байқауының нәтижесі жарияланды. Тазалық пен көркейту жұмыстарына ерекше үлес қосқан мекемелердің ұжымдарына 12 қанатты қазақ үй табысталды.
Байқауда үздік деп танылған ұжымдар:
- 
«Балдәурен» бөбекжайы 
- 
Абай аудандық орталық ауруханасы 
- 
Абай аудандық ветеринариялық қызметі 
Бұл шара — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» акциясына және Абай облысы әкімі Берік Уәлиұлының тазалық пен абаттандыруға қатысты үндеуіне қолдау ретінде ұйымдастырылды.
Конкурс барысында мекемелер аула мен ғимараттың сыртқы келбетін жақсарту, жасыл аймақ қалыптастыру, қоғамдық кеңістікті күтіп-ұстау бойынша белсенділік танытып, ұйымшылдық пен жоғары жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.
Жеңімпаз ұжымдарға табысталған ұлттық нақыштағы сыйлықтар келешекте мәдени іс-шаралар өткізуге, қонақ күтуге және мекеме имиджін арттыруға мүмкіндік береді.
