Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
530.47 613.75 6.56

Абай ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті

25-08-2025, 14:37 Думан Кенжеғазыұлы

Абай ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және ауыл аумақтарын тазарту мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Бұл игі шараға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен белсенді жастар белсене қатысып, туған жердің тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.

Сенбілік барысында Қарауыл ауылындағы негізгі нысандар мен қоғамдық орындар толық қамтылды. Әсіресе баба тойы кезінде көпшілік жиналатын Қарауыл төбе маңы, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен қызметкерлердің орналасқан аймағы және ауылдық округтер мен көшелер бойы мұқият тазартылды.

Тазалық шарасына 400-ге жуық аудан тұрғыны қатысып, белсенділік танытты. Сенбілік жұмыстарына 13 арнайы техника тартылып, жалпы көлемі 75 тонна тұрмыстық қалдық арнайы полигондарға шығарылды.

Ауқымды акцияның басты мақсаты – экологиялық сананы арттыру, табиғатты қорғау және ауылдық елді мекендерде таза орта қалыптастыру. Тұрғындардың бірлесе әрекет етуі нәтижесінде Қарауыл ауылының көшелері мен қоғамдық орындары айтарлықтай тазарып, ауыл келбеті көркейе түсті.

Осындай игі істер арқылы өңір тұрғындары табиғатқа деген құрметті арттырып, экологиялық жауапкершілік мәдениетін нығайтуға нақты үлес қосуда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив