Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

Жаңасемейде “Халық заңгері” республикалық акциясы өтті

30-05-2025, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Жаңасемей ауданы әкімдігі ғимаратында “Халық заңгері” республикалық акциясы ұйымдастырылды. Шара барысында аудан тұрғындарына тегін құқықтық көмек көрсетіліп, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған кеңестер берілді.

Акцияның басты мақсаты — қарапайым халықтың құқықтық мәдениетін көтеру, сондай-ақ түрлі өмірлік жағдайларда заң аясында дұрыс шешім қабылдауға жәрдемдесу болды.

Тұрғындар азаматтық, еңбек, тұрғын үй, әлеуметтік және отбасылық заңнамаға қатысты өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тәжірибелі заңгерлерден нақты әрі түсінікті жауаптар алды.

Қатысушылар мұндай игі бастаманың маңыздылығын атап өтіп, ұйымдастырушылар мен заңгерлерге ризашылықтарын білдірді. Шара халықпен тікелей байланыс орнатуға, азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға және олардың заң алдындағы құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге зор үлес қосты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив