Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Биыл Абай облысында 235 шақырым жол жөнделеді

18-04-2023, 12:56 Думан Кенжеғазыұлы

Жөндеу жұмыстарымен облыстық маңызы бар жолдар, сондай-ақ облыс орталығы Семей қаласының көшелері қамтылады.

Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асылбек Нугманов атап өткендей, биыл бұл мақсатқа 9,9 млрд теңге бөлінді.

– Жалпы ұзындығы 235,2 шақырымды құрайтын 35 учаскені орташа жөндеу күтілуде. Сондай-ақ «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 77,4 шақырымды құрайтын 33 жобаны жүзеге асыруға 2,5 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бүгінгі күні орташа жөндеудің барлық жобалары бойынша конкурстық процедуралар соңғы кезеңде. Құрылыс-монтаж жұмыстарын мамыр айында бастап, ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда,- деді Асылбек Нұғманов.

Сонымен қатар Семей қаласында 2023 жылға жалпы ұзындығы 50 шақырымды құрайтын 32 көше жолын орташа жөндеуден өткізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта мердігер ұйымды анықтау бойынша 4 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алудың конкурстық рәсімдері жүргізілуде. Сондай-ақ 200 млн теңгеге 10 шақырым жолға құм мен қиыршық тас төсеп, қалыпқа келтіру жоспарлануда. Мердігер ұйымды анықтау бойынша конкурстық мемлекеттік сатып алу рәсімдері аяқталған жоқ.

– Кварталішілік жолдарды асфальттауға 485,5 млн. теңге қарастырылған, жолдардың ұзындығы – 6,8 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта жұмыстарды жеткізушілерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Жарқын, Малая Актюба, Верхне-Березовский, Қыземшек, Шаған ауылдарының кіреберіс жолдарын орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 595 миллион теңге қаражат бөлінді. Жалпы ұзындығы 13 шақырымды құрайды. «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында Көкентау ауылындағы ұзындығы 2,2 шақырым Майтқанова көшесін орташа жөндеуден өткізуге қаражат бөлінді, - деді Асылбек Нұғманов.

Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпірді күтіп ұстау үшін «Семей жолдары» ЖШС мердігер компаниясымен 143 млн теңгеге келісімшарт жасалған. Осы келісім аясында көлемі 4000 шаршы метр жолды кеуекті мастикалық асфальтбетон-10 қоспасын қолдану арқылы ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ аспалы көпірді күтіп ұстауға күзет, камералар жұмысын бақылау, лифт жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, металл конструкцияларды жөндеу, жуу және сырлау жұмыстары кіреді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив