Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
525.28 607.85 6.47

Аудан басшылығы Балтатарақ және Қаракөл ауылдарының тұрғындарымен кездесті

28-05-2025, 11:09 018.kz

Бүгін Жаңасемей ауданына қарасты Балтатарақ және Қаракөл ауылдарына аудан әкімінің кеңесшісі мен аудандық мәслихат төрағасы арнайы іссапармен барды. Іссапардың негізгі мақсаты — шалғай елді мекендердің жағдайын зерделеу, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, жергілікті мәселелердің шешу жолдарын бірлесе қарастыру болды.

Кездесулер барысында ауыл тұрғындары ауызсу мен жол сапасына, электр жарығының тұрақтылығына, ауылішілік инфрақұрылымның тозуына және байланыс желісінің әлсіздігіне қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Сондай-ақ жастарды жұмыспен қамту, мектеп пен мәдениет үйінің материалдық базасын жаңарту жөнінде де бірқатар ұсыныстар айтылды.

Аудан әкімінің кеңесшісі мен мәслихат төрағасы әрбір көтерілген мәселені мұқият тыңдап, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілетінін атап өтті. Олар тұрғындардың өтініштері назардан тыс қалмайтынын, аудан басшылығы ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақты бақылауда ұстайтынын жеткізді.

Сапар аясында ауылдың тірегі саналатын шаруа қожалықтарының иелерімен де жүздесу өтті. Онда мал шаруашылығын дамыту, су көздерін тиімді пайдалану, жайылымдарды суландыру және субсидиялау мәселелері талқыланды. Шаруалар өндіріс көлемін арттыру және жаңа технологияларды енгізу бағытындағы жоспарларымен бөлісті.

Кездесулер жылы әрі ашық диалог форматында өтіп, тұрғындар өз ой-пікірлерін еркін жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив