Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
525.28 607.85 6.47

Жаңасемей ауданында саяқ шегірткеге қарсы күрес жұмыстары жалғасуда

28-05-2025, 11:36 018.kz

Жаңасемей ауданында ауыл шаруашылығына зиян келтіретін саяқ шегірткеге қарсы күрес шаралары белсенді жүргізілуде. 2025 жылы жалпы 5400 гектар аумақты қамтитын химиялық өңдеу жұмыстары жоспарланған. Бұл шаралар ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден қорғап, егіннің өнімділігін сақтау мақсатында қолға алынған.

Мамандардың мәліметінше, 28 мамырдағы жағдай бойынша:
🔹 Приречное ауылдық округінде – 25 га,
🔹 Жиенәлі ауылдық округінде – 310 га,
🔹 Көкентау ауылдық округінде – 200 га аумақ өңделген.
📍 Жалпы өңделген аумақ – 535 гектар.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мен фитосанитариялық қызмет мамандарының қатысуымен жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Арнайы техника мен химиялық препараттар залалсыздандыру нормаларына сай қолданылып, өңдеу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталуда.

Шегірткелерге қарсы күрес жұмыстары маусым айының соңына дейін жалғасады деп жоспарланып отыр. Қажетті жағдайда қосымша өңдеу аймақтары белгіленіп, жергілікті шаруашылық құрылымдары мен тұрғындармен бірлесе әрекет ету көзделген.

Бұл шаралар — ауданның ауыл шаруашылығын қорғау, егін алқаптарын сақтап қалу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып табылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив