Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
464.53 543.73 6.15

Жаңасемей ауданында “Таза Қазақстан” акциясы жалғасуда

25-05-2025, 11:18 018.kz

Жаңасемей ауданы бойынша “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясындағы сенбілік жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Бұл жолы аудан әкімдігі мен аудандық мәслихат қызметкерлері Озерки ауылына арнайы келіп, тазалық жұмыстарын ұйымдастырды.

Акция барысында ауыл ішіндегі көшелер мен қоғамдық орындар, саябақ аумақтары, су арналар мен бұлақ жағалары күл-қоқыстан тазартылды. Қатысушылар тұрғындарға экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын түсіндіріп, табиғатты аялауға шақырды.

Жаңасемей ауданының әкімдігі “таза орта — жарқын болашақтың кепілі” екенін айта келе, барша ауыл тұрғындарын сенбілікке белсене қатысуға, туған жердің көркін арттыруға және экологиялық мәдениетті нығайтуға үндеді.

Тазалық — тек міндет емес, туған өлкені құрметтеудің айқын белгісі!

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив