Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
525.28 607.85 6.47

Жаңасемей ауданында жаңа тұрғын үйлердің кілттері табысталды

1-05-2025, 12:29 018.kz

Жаңасемей ауданында Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған жаңа тұрғын үйлер пайдалануға берілді.

Салтанатты рәсім Мұқыр ауылында өтіп, онда бірқатар отбасы көптен күткен баспаналарының кілтін иеленді. Іс-шараға аудан басшылығы, қоғамдық ұйым өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.

Кілт табыстау сәтінде сөз алған Алмас Тәнібекұлы:

«Бұл – әлеуметтік қолдаудың нақты көрінісі әрі мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтың жарқын мысалы. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халықтың әл-ауқатын арттыру мен тұрмыс жағдайын жақсарту – басты міндеттердің бірі. Бүгін табысталған баспаналар – осы бағыттағы жүйелі жұмыстың жемісі. Жаңа қоныс құтты болсын!» – деді.

Жаңа пәтерге ие болған отбасылар қуаныштарын жасыра алмай, мемлекет пен жергілікті билікке шынайы алғыстарын жеткізді. Олардың айтуынша, бұл баспаналар – тек үй емес, отбасы үшін жаңа өмір мен сенімді болашақтың бастауы.

Жаңа тұрғын үйлер заманауи талаптарға сай салынған. Инженерлік-коммуникациялық жүйелері толық жүргізіліп, сапалы құрылыс материалдары пайдаланылған.

Аудан әкімдігі өкілдерінің мәлімдеуінше, тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Әсіресе әлеуметтік осал топтар мен жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында жаңа жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ.

Бұл игі іс – әлеуметтік әділдікті нығайтып, ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған мемлекет қамқорлығының айқын көрінісі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив