Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
526.02 607.55 6.5

Мақаншы ауданында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Бүгін, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Мақаншы ауданының Келдімұрат ауылында заманауи талаптарға сай салынған жаңа дәрігерлік амбулатория ел игілігіне берілді.

Медициналық нысан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық бағдарламасы аясында салынды. Бағдарлама шеңберінде аудан бойынша 8 амбулаториялық және медициналық-фельдшерлік пункт бой көтерді.

Келдімұрат ауылындағы амбулатория тұрғындарға алғашқы медициналық көмекті сапалы әрі қолжетімді түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Нысанның ішінде қабылдау, процедуралық және емшара кабинеттері, орта буын медицина қызметкерлеріне арналған бөлмелер мен дәріханалық пункт бар.

Жаңа ғимарат заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда нейбулайзер, электрокардиограф, дефибриллятор, магнитотерапия аппараты, спирометр және жоғарғы тыныс алу жолдарын емдеуге арналған ультракүлгін құрылғылар орнатылған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив