Cемей-18°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
509.84 595.75 6.47

Берік Уәли Тоқтар Серіковтің 50 жылдық кешіне қатысты

21-11-2025, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семейде өткен белгілі әнші Тоқтар Серіковтің 50 жасқа толуына арналған мерейтойлық концертке қатысты. Кеш соңында өңір басшысы өнер иесіне ізгі тілегін жолдап, жоғары бағасын білдірді.

Әкім сөзінде: «Ер туған жеріне» деген сөз бар. Тоқтар – сері, әнші, ақын, композитор. Айнымас дос, сенімді серік, нағыз үзеңгі жолдас. Сегіз қырлы, бір сырлы, жігіттің төресі. Тек Шұбартау, Семей, Абай жұрты ғана емес, бүкіл қазақ халқы өзіңмен мақтанады», – деп атап өтті.

Берік Уәли өнерпазға құрмет ретінде шапан жауып, тек қана Тоқтарға емес, оның өнердегі ұстазы Алтынбек Қоразбаевқа, досы Мейрамбек Беспаевқа және жұбайы, әнші Бейбіт Сейдуалиеваға да шапан кигізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив