Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.71 505.8 5.63

«Жоқшы» кітабының таныстырылымы өтті

6-12-2025, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ақын, журналист Мүсіркеп Сейдахметтің «Жоқшы» кітабының таныстырылымы және «Кәусарын жырдың атқылап, тас жарып шыққан қайнармын» атты шығармашылық кездесу өтті.

Ақынның 70 жылдық мерейтойына орай жарық көрген «Жоқшы» жыр жинағында туған жерге деген сүйіспеншілік, ұлттық болмыс пен тарихи жады, рухани ізденіс және адамдық қасиет тақырыптары қамтылған.

Жиынға қоғам қайраткерлері, қаламгерлер, журналистер мен оқырмандар қатысты.

Айта кетейік, биыл мемлекеттік тапсырыс аясында 3000 дана таралыммен жарық көрген бұл кітап еліміздің кітапханаларына таратылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив