Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
510.18 601.91 6.51

Ділдар Қалиқан Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Бүгін, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылдың 24 желтоқсанынан бастап Ділдар Қалиқанұлы  Қалиқан Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Ділдар Қалиқанұлы  Қалиқан 1985 жылы 17 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында дүниеге келген.

2009 жылы Алматы экономика және статистика академиясын, 2015 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 2017 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын (магистратура) бітірген. 

Еңбек жолын бизнес құрылымдарында бастаған. Әр жылдары Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің бас маманы, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

Осы тағайындауға дейін Абай облысы әкімінің кеңесші болып жұмыс істеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив