Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
512.83 600.58 6.36

Үржар ауданының Шолпан ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды

5-01-2026, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Үржар ауданының Шолпан ауылдық округінде республикалық «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында салынған өрт сөндіру бекетінің ашылу салтанаты өтті.

Бүгінде елді мекенде 1200-ден астам тұрғын тұрады, 264 аула бар. Ауыл халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бой көтерген заманауи өрт сөндіру бекеті барлық талаптар мен стандарттарға сай салынған. Нысан бір өрт сөндіру көлігімен жабдықталып, мұнда екі өрт сөндіруші тұрақты негізде қызмет атқарады.

Жаңа бекет төтенше жағдайлардың алдын алуға, өрт оқиғалары кезінде жедел әрі тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді. Бұл – елді мекеннің қауіпсіздігін арттырып, тұрғындардың тыныштығы мен өміріне төнетін қауіп-қатерді азайтуға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық нысан.

Айта кетейік, аталған өрт сөндіру бекеті ауыл жанашырының жеке қаражаты есебінен салынды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив