Әскери полиция далалық оқу-жаттығуды аяқтады
Абай өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының жедел ден қою бөлімі «Шығыс» түраралық полигонындағы далалық оқу жаттығуды аяқтады.
- Абай өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасы жедел ден қою бөлімінің жеке құрамы жоспарға сәйкес негізделген далалық оқу жаттығуға белсенді түрде қатысты. Себебі бұл жаңадан құрылған жедел ден қою бөлімшесінің алғашқы далалық оқу-жаттығуы болып саналады. Аталмыш бөлімше таяуда құрылғанына қарамастан «Шығыс» полигонында күндізгі және түңгі уақытта жеке құраммен тәжірибелік сабақтарды жедел әрі тиянақты түрде жүргізді. Далалық жаттығулардың шарықтау шегі шартты жауға қарсы шабуыл болды. Шара барысында жауынгерлер ғимаратты басып алған содырлардың көзін жойып, тұтқынға түскендерді босатты. Бұндай оқу-жаттығулар жауынгерлердің рухын арттырып, тәжірибелік біліктіліктерін шыңдайды, - дейді Абай өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының жедел ден қою бөлімі ұтқырлар бөлімшесінің бастығы капитан Нұрболат Тайлақбаев.
Оқу-жаттығу барысында жеке құрам қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, жүктелген тапсырмаларды жоғары деңгейде жүзеге асырды. Еске салайық, 2022 жылдың аяғында құрылған жедел ден қою бөлімі Қарулы күштер қатарындағы әскери полицияның құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша тапсырмаларын орындайды.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі
Тағыда оқыңыз