Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

30217 әскери бөлімінің танк ротасы взводтардың жауынгерлік атысын өткізді

27-02-2023, 09:17 018.kz

Абай гарнизонындағы 30217 әскери бөлімінің танк батальоны «Шығыс» түраралық полигонында взводтардың жауынгерлік атысын жүргізді.

Елу шақырымдық қашықтықты еңсеру барысында олар әр түрлі тосқауылдар мен кедергілерден  мүдірмей  өтіп, діттеген жерге тиісті уақытта жетіп үлгерді. Шынжыртабанды техника жауынгерлік шеру барысында ұшқышсыз басқарылатын аппараттың көзін жойды. Сондай-ақ жеке құрам танкіге қарсы қолданылатын миналарды дереу тауып, оларды жолдан тазарту жұмыстары атқарылды. Бөгеттердің бірінде танкіге арналған минаның астына жаяу әскерге арналған мина жасырынғаны анықталды. Бұл жағдайда әскери қызметші қауіпсіз жерге тұрақтап, танкіге арналған минаны арнайы шылбыр арқылы тартып алып, залалсыздандырды. Әрбір тосқауылдан сәтті өткен жеке құрам «Шығыс» түраралық полигонында оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізді. 

- Танк батальонының танк взводының атыс оқу-жаттығуы жоғары деңгейде өтті.  Далалық жаттығудың негізі мақсаты  сарбаздардың  жауынгерлік шеберліктерінің артуына үлес қосып, мамандықтарын игеруге серпін сыйлау.  - дейді 30217 әскери бөлімінің  танк батальоны  2 танк ротасының рота командирі аға лейтенант   Фархат Мақсат.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив