Cемей-17°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
509.94 593.88 6.43

Абай облысында «Табиғатты аялайық» экологиялық акциясы өтті

Кеше, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға, табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және азаматтардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасуда.

Осы бағдарлама шеңберінде бүгін Үржар ауданындағы «Болашақ» саябағында «Табиғатты аялайық» атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Іс-шараға 60-қа жуық мектеп оқушылары мен «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері қатысты.

Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, құстардың табиғи мекендеуіне қолайлы жағдай жасау және өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Іс-шара барысында саябақ аумағындағы ағаштарға құстарға арналған 12 ұя орнатылып, арнайы жем қойылды.

«Бүгінгі шара оқушылардың бойында табиғатты аялауға, құстар мен жануарларға деген сүйіспеншілік сезімін арттыруға бағытталды. Осы акцияның нәтижесінде құстардың саны артып, орнатылған ұялар өз иелерін табады деп үміттенеміз», – деді «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өкілі Баян Садакова.

Аталған экологиялық акция табиғатқа жанашырлық танытуға және қоғамның экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады. Құстар – табиғи тепе-теңдікті сақтауда ерекше рөл атқаратын тіршілік иелері, ал оларды қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан мұндай игі бастамалар қоршаған ортаны қорғауға ғана емес, жас ұрпаққа табиғатты аялаудың маңызын түсіндіруге және экологиялық сананы қалыптастыруға зор үлес қосуда.

Жалпы, 2025 жылы Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылды. Әртүрлі экологиялық акцияларға 349 мыңнан астам тұрғын қатысып, 52 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Көгалдандыру жұмыстарының нәтижесінде 70 мыңнан астам көшет отырғызылып, ғарыштық мониторинг арқылы анықталған 191 рұқсат етілмеген қоқыс орны жойылды.

#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив