Cемей-19°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
501.02 597.27 6.59

Көкпекті ауданы әкімінің қызметіне кіріскеніне бір жыл

5-08-2025, 14:37 018.kz

2024 жылғы 5 тамызда Әділет Қожанбаев Көкпекті ауданының әкімі қызметіне кіріскеніне биыл бір жыл толды. Осы уақыт ішінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жаңғырту, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру бағытында бірқатар нақты әрі нәтижелі жұмыстар атқарылды.

Жастар мен спортты қолдау

2024 жылдың 23 тамызында Көкпекті ауданы мен «Елімай» футбол клубы арасында меморандумға қол қойылып, жастар футболын дамыту ісі жүйелі жолға қойылды. Клуб тарапынан ауданға сапалы спорттық доптар мен жабдықтар сыйға тартылып, аудандық ауруханаға қымбат медициналық құрылғы табысталды. Сонымен қатар спорттық және мәдени шаралардағы жүлде қоры бірнеше есе артты.

Білім мен әлеуметтік нысандар

Үлкенбөкен ауылының мектебіне жаңа автобус беріліп, оқушылардың қауіпсіз қатынауы қамтамасыз етілді. Теректі ауылында балабақша өртеніп кеткеннен кейін жедел түрде мектеп жанынан шағын орталық ашылып, балалар үздіксіз біліммен қамтылды.

2024 жылдың 25 қазанында ауданда 6 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді. Қазіргі таңда аудандық емхана күрделі жөндеуден өтуде, жұмыс сапасы тұрақты бақылауда.

Тұрғын үй және инфрақұрылым

2024 жылғы 24 қазанда 50 жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Элеватор маңындағы 40 жаңа үйдің тұрғындарымен ашық кездесу өткізіліп, өзекті мәселелер талқыланды. Көкпекті ауылының ішінде 5 шақырым жаңа асфальт жол төселді. Облыс әкімі Берік Уәлидің ұсынысымен Сақан әулетінің демеушілігі арқылы 1 шақырым асфальт жол салынды. Саяхимов көшесінің жолы толық жаңартылды. Семей қаласы жағынан кіреберісте жаңа арка орнатылды.

Абаттандыру және көркейту

Аудан орталығы мен ауылдарда абаттандыру жұмыстары жаңа деңгейге көтерілді. Барлық ауылдарда балалар ойын алаңдары салынып жатыр. Аудан бойынша жарықтандыру жүйесі жаңартылып, көше шамдары орнатылды. Көкпектіде жаңа жүзу бассейні мен заманауи жағажай (пляж) ашылды.

Үш жылға жуық уақыт істемей тұрған субұрқақ күрделі жөндеуден өтіп, қайта іске қосылды. Асфальт жолдарды жуу қызметі іске қосылып, көгалдандыру мен гүл егу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Коммуналдық және шаруашылық саласы

КомХоз мекемесі жұмысшыларының жалақы мәселесі толық шешіліп, жинақталған қарыздар жабылды. Қысқы қар күреу жұмыстары уақытылы әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. 

2024 жылдың 16 қыркүйегінде «Көкпекті» ауыл шаруашылық қоры құрылып, аграрлық саланы қолдау күшейтілді.

Қоғаммен байланыс және мәдени өмір

Аудан кәсіпкерлерімен бірнеше кездесу өткізіліп, жүйелі әріптестік орнады. Семей қаласындағы көкпектілік студенттермен кездесу ұйымдастырылды. Аудан өлкетанушыларымен мазмұнды жүздесу өтті. Облыс көлемінде екі баспасөз конференциясы өткізілді.

Абай Құнанбайұлының мерейтойына орай ауданда «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» атты декорациялық құрылымдар орнатылды. «Көркейген өлке – Көкпекті» фестивалі ауданның мәдени әлеуетін республика деңгейінде танытты.

«Ұлы Дала Елі» алаңындағы сахна мен музыкалық құрал-жабдықтар жаңартылды. Қоғамдық көлік қозғалысы жолға қойылып, Көкпекті ішінде және Көкпекті – Шұғылбай бағыты бойынша газель қатынасы тұрақты жүріп тұр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив