Cемей-19°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
501.02 597.27 6.59

Жансары ауылында заманауи балалар ойын алаңы пайдалануға берілді

16-07-2025, 14:37 018.kz

Жансары ауылында тұрғындардың әлеуметтік тұрмысын жақсартуға бағытталған маңызды игі іс жүзеге асып, жаңа балалар ойын алаңы салтанатты түрде ашылды. Бұл нысан – ауылдағы бүлдіршіндердің бос уақытын тиімді өткізуіне, олардың денсаулығын нығайтып, белсенді өмір салтын қалыптастыруына арналған заманауи әлеуметтік алаң.

Ашылу рәсіміне Көкпекті ауданының әкімі Әділет Нұрсағатұлы арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын және жас жеткіншектерді қуанышты жаңалықпен құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде балалардың қауіпсіз ортада ойнап, дамуына жағдай жасау – мемлекет пен жергілікті биліктің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, мұндай әлеуметтік нысандар ауылдың көркін келтіріп қана қоймай, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға елеулі үлес қосатынын жеткізді.

Әділет Нұрсағатұлы ауылды дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын, алдағы уақытта да елді мекендерде инфрақұрылымды жақсарту, балалар мен жастарға арналған нысандарды көбейту басты назарда болатынын айтты.

Жаңа балалар ойын алаңы заманауи талаптарға толық сай жабдықталған. Онда әртүрлі жастағы балаларға арналған сырғанақтар, әткеншектер және ойын элементтері орнатылып, қауіпсіздік талаптары қатаң сақталған. Алаңның орналасуы да балалардың алаңсыз ойнауына қолайлы етіп таңдалған.

Ауыл тұрғындары жаңа ойын алаңының ашылуын үлкен қуанышпен қабылдап, аталған бастама үшін аудан басшылығына және іске атсалысқан азаматтарға алғыстарын білдірді. Бұл нысан Жансары ауылындағы балалардың шат күлкісіне толы, жайлы әрі қауіпсіз демалыс орнына айналатыны сөзсіз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив