Cемей-19°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
501.02 597.27 6.59

Көкпекті ауданында әкімдік отырысы өтті

18-07-2025, 17:48 018.kz

Бүгін аудандық әкімшіліктің мәжіліс залында Көкпекті ауданының әкімі Әділет Нұрсағатұлының төрағалығымен кең көлемді әкімдік отырысы ұйымдастырылды. Жиынға ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мемлекеттік мекемелердің жетекшілері, сондай-ақ партия мен БАҚ өкілдері қатысты.

Әкімдік отырысының басты мақсаты – ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын талқылау, алдағы жоспарларды нақтылау болды.

Күн тәртібінде бірнеше маңызды сұрақ қаралды. Бірінші мәселе ретінде Көкпекті ауданында ауыл шаруашылығы санағын өткізу мәселесі көтерілді. Бұл іс-шара ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы нақты жағдайды анықтап, статистикалық мәліметтер негізінде алдағы жоспарлар мен бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Екінші сұрақ – дала өрттерінің алдын алу шаралары болды. Жиын барысында орман және дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жергілікті тұрғындар мен фермерлерді түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы атап өтілді. Аудан басшылығы тиісті бөлімдерге алдын алу іс-шараларын күшейту және төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Үшінші мәселеге отбасылық цифрлық картасындағы «Д» және «Е» санатындағы отбасылар санын азайту жөніндегі жоспардың орындалу барысы енгізілді. Бұл бағыт әлеуметтік қолдау шараларын тиімді етуге, тұрмысы төмен және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың жағдайын жақсартуға бағытталған. Жиын барысында жоспардың орындалу көрсеткіштері қаралып, кемшіліктерді жою жолдары талқыланды.

Әкімдік отырысы қорытындысында Әділет Нұрсағатұлы барлық қатысушыларға нақты тапсырмалар беріп, жұмыстардың жүйелі әрі нәтижелі жүргізілуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Бұл жиын аудан әкімшілігінің тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға, ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік саладағы жұмыстарды тиімді басқаруға бағытталған маңызды іс-шара болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив