Көкпекті ауданының әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Бүгін аудан әкімдігінің ғимаратында Көкпекті ауданының әкімі Әділет Нұрсағатұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауға алдын ала жазылған 9 аудан тұрғыны қатысып, өздерін толғандырған әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін ортаға салды. Көтерілген мәселелердің басым бөлігі тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер телімін рәсімдеу, жол жөндеу, сондай-ақ «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй алу мәселелеріне қатысты болды.
Аудан басшысы әрбір азаматтың өтініш-тілегін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің мән-жайымен жіті танысты. Қабылдау барысында тиісті сала мамандарына заң талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу, азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету және нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берілді.
Аталған қабылдау – жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар арасындағы ашық диалогты нығайтып, халықтың билікке деген сенімін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың айқын көрінісі болып табылады.