Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Үлкенбөкен орта мектебінде Абай кабинеті ашылды

6-08-2025, 12:24 Думан Кенжеғазыұлы

Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай Үлкенбөкен орта мектебінде ұлы ойшыл, ақын мұрасын дәріптеуге арналған арнайы Абай кабинеті салтанатты түрде ашылды.

Ашылу рәсіміне Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Танысбаев Аслан Балабекұлы және аудандық білім бөлімінің басшысы Қажиакберов Ринат Араратұлы қатысып, игі бастаманың маңыздылығына тоқталып, мектеп ұжымына және оқушыларға жылы лебіздерін білдірді.

Абай кабинетін ашудағы басты мақсат – өскелең ұрпаққа Абай Құнанбайұлының бай рухани мұрасын тереңінен таныту, оның қара сөздері мен өлеңдері арқылы жас буынға адамгершілік, білімге құштарлық пен ұлттық құндылықтарды сіңіру болып табылады.

Салтанатты шара қазақы дәстүрге сай шашу шашумен басталып, мектеп оқушылары ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқып, Абай әндерін орындады. Сонымен қатар ауыл ақсақалдары ақ баталарын беріп, лента қиылып, қатысушылар тарапынан жылы тілектер айтылды.

Абай кабинетінің ашылуына Үлкенбөкен орта мектебінің түлегі Бараков Марат пен мектеп ұжымы демеушілік көрсетіп, үлкен қолдау білдірді. Бұл игі іс – туған мектепке деген жанашырлықтың және ұлттық рухты ұлықтаудың жарқын үлгісі болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив