Cемей-19°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
501.02 597.27 6.59

І. Жансүгіров атындағы мектепте Абай кабинеті ашылды

6-08-2025, 13:17 018.kz

Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында І. Жансүгіров атындағы орта мектепте Абай кабинеті салтанатты түрде ашылды.

Кабинеттің басты мақсаты – ұлы ойшылдың мол рухани және әдеби мұрасын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттап, олардың рухани-мәдени дамуына және адамгершілік тәрбиесіне үлес қосу болып табылады.

Ашылу рәсіміне Көкпекті аудандық білім бөлімінің басшысы Ринат Араратұлы Қажиакберов арнайы қатысып, жас ұрпаққа арналған игі бастамаға жүрекжарды лебізін білдірді.

Салтанатты шара қазақы дәстүрге сай шашу шашумен басталып, мектеп оқушылары Абайдың өлеңдері мен әндерін орындап, қара сөздерінен үзінділер оқыды. Лента қиылып, шараға қатысқан қонақтар жылы тілектерін арнады.

Абай кабинеті оқушылар мен ұстаздар үшін тек көркемдік-танымдық сабақтар өткізіп қана қоймай, әдеби кештер, пікірталастар мен ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға арналған рухани білім орталығына айналмақ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив