Cемей-19°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
501.02 597.27 6.59

Көкпекті ауданында ағымдағы істерді талқылаған арнайы жиналыс өтті

7-08-2025, 10:45 018.kz

7 тамыз күні Көкпекті ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы Дархан Бердібекұлының төрағалығымен арнайы жұмыс жиналысы өтті. Жиналыстың басты мақсаты – ауданда атқарылып жатқан ағымдағы жұмыстардың орындалу барысын бағалау, жауапты қызметкерлердің іс-шараларды тиімді ұйымдастыруын қамтамасыз ету және алдағы кезеңге нақты тапсырмалар беру болды.

Жиналыс барысында көтерілген негізгі тақырыптар келесі бағыттарды қамтыды:

  1. Аудандағы өрт қауіпсіздігі – өрттің алдын алу және сақтық шараларын күшейту, төтенше жағдайларға жылдам әрекет ету тетіктерін жетілдіру;

  2. Арнайы жасақтар құру – мекеме қызметкерлері мен аудан тұрғындарының арасында өрт жағдайында жедел әрекет ететін мобильді арнайы топтарды ұйымдастыру;

  3. Республикалық мал санағы науқаны – жоспарлы мақсаттарға жету, пайыздық межелерді орындау және аудан бойынша деректерді толық әрі уақытылы жинау;

  4. Орындаушылық тәртіпті күшейту – жауапты қызметкерлердің атқарған іс-шаралары бойынша есептілікті бақылау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру.

Аппарат басшысы Дархан Бердібекұлы әрбір тақырып бойынша орындалған жұмыстарды жеке-жеке саралап, жауапты қызметкерлермен алдағы кезеңге нақты жұмыс жоспарын талқылады. Сонымен қатар, ауданымыздағы Әдеп жөніндегі өкіл ретінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғары деңгейде ұстаудың маңыздылығына тоқталып, мемлекеттік органдардағы тәртіп пен жауапкершілікті сақтау жөнінде маңызды ескертпелерін айтты.

Жиналыс соңында Дархан Бердібекұлы жұмыс барысы бойынша нақты ескертпелерін айтып, әрбір бөлімге алдағы міндеттер мен нақты тапсырмаларды бекітті. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар қаралып, қажетті ұсыныстар мен түзету шаралары талқыланды.

Осылайша, өткізілген жиналыс аудан бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын арттыруға, орындаушылық тәртіпті күшейтуге және аудан тұрғындарына тиімді қызмет көрсетуге бағытталған жүйелі іс-шара ретінде маңызды болып отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив