Көкпекті ауданында жылжымалы медициналық кешеннің жұмысы жалғасуда
Көкпекті ауданының шалғайдағы ауылдарының тұрғындары заманауи құрал-жабдықтармен толықтай жабдықталған жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен білікті медициналық қызмет алу мүмкіндігіне ие болуда. Бұл бастама ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтау, аурулардың алдын алу және ерте диагностикалау бағытында маңызды рөл атқарады.
2025 жылғы 11 қыркүйекте мобильді клиника Ақой ауылында жұмыс жүргізді. Тұрғындар МӘМС және ТМККК шеңберінде аудан орталығына бармай-ақ, өз ауылдарында медициналық тексеруден өтті. Көшпелі медициналық қызмет ауыл халқы үшін қолжетімді әрі тиімді медициналық көмектің жарқын үлгісіне айналды.
Көшпелі бригада құрамында тәжірибелі және білікті мамандар қызмет көрсетті:
-
Офтальмолог – Айбар Оралбекұлы
-
Хирург – Асыл Ғабитұлы
-
Стоматолог – Аширов А.
-
Медбике – Аринова Р.
-
ЛОР-бағыттағы медбике – Базарбаева Ж.
Мобильді клиника жұмысы барысында барлығы 72 адам медициналық тексеруден өтті, оның 52-сі балалар. Тексеру нәтижесінде бірқатар тұрғындарға тиісті кеңестер беріліп, қажет болған жағдайда қосымша ем-дом мен бақылауға жолдамалар ұсынылды.
Мұндай көшпелі медициналық тексерулер тұрғындардың денсаулығын сақтау, ауруларды ерте кезеңде анықтау және асқынудың алдын алу ісінде айрықша маңызға ие.
Ақой ауылының тұрғындары көрсетілген медициналық қызметтің сапасына жоғары баға беріп, көшпелі медициналық кешеннің тиімді жұмысын ұйымдастырғаны және ауылға дер кезінде медициналық көмек көрсеткені үшін аудандық аурухана басшылығына шынайы алғыстарын білдірді.
Жылжымалы медициналық кешеннің жұмысы алдағы уақытта да жалғасады. Мамандардың сіздің ауылыңызға келуін өткізіп алмау үшін жұмыс кестесін қадағалап отыруға шақырамыз.