Көкпектілік жасөспірімдер жеңіс тұғырынан көрінді
Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылында елге сыйлы азамат Төлеуов Жеңіс Қажының 80 жылдық мерейтойына орай 2013–2014 жылы туған жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен Ақсуат ауданының ашық біріншілігі ұйымдастырылды.
Дәстүрлі түрде өткен жарысқа 9 командадан құралған 150-ге жуық жас спортшы қатысып, татами үстінде өзара мықтыларды анықтады. Турнир жасөспірімдер арасында дзюдо спортын дамытуға, жас балуандардың шеберлігін шыңдауға және спорттық рухты нығайтуға бағытталды.
Аталған жарыста Көкпекті ауданының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің (БЖСМ) спортшылары жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді. Атап айтқанда:
-
42 кг салмақ дәрежесінде – Ержанұлы Дарын ІІ орынға ие болды;
-
46 кг салмақ дәрежесінде – Мұрат Қасым ІІ орынға тұрақтады.
Бұл нәтижелер – жас спортшылардың табанды еңбегінің, жүйелі жаттығудың және бапкерлердің кәсіби шеберлігінің айқын көрінісі.
Жас балуандарды жарысқа дайындаған жаттықтырушылар:
-
Әзекенов Дидар Жасұланұлы,
-
Есимов Қайыргазы Құрмашевич,
-
Қайсин Бексұлтан Мақсатұлы –
шәкірттерінің жетістігіне зор үлес қосты.
Жас спортшыларымызды кезекті жеңістерімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да биік белестерден көрінулеріне тілектеспіз!