Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
462.91 542.16 6.16

Көкпекті ауданында ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған волейболдан ашық чемпионат өтті

21-11-2025, 13:15 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Көкпекті ауданында ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай волейболдан ашық чемпионат ұйымдастырылды. Бұл іс-шара аудан тұрғындары мен спорт сүйер қауым үшін нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлап, тартысқа толы спорттық бәсекеге айналды.

Чемпионат барысында әр команда жеңіс үшін бар күш-жігерін жұмсап, көрермендерге нағыз спорттық эмоциялар мен шабыт берді. Төрешілер әділдік пен кәсібилік танытып, жарыстың жоғары деңгейде өтуіне жағдай жасады.

Жарыс нәтижесі:

  • 1-орын — «Көкжайық жастары» командасы

  • 2-орын — «Көкжайық» командасы

  • 3-орын — «Көкпекті жастары» командасы

Барлық қатысушыларға алғыс айтылып, жеңімпаздар шын жүректен құттықталды.

Бұл чемпионат жастар арасында бірлік пен командалық рухты нығайтуға, спортқа деген қызығушылықты арттыруға және ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесін ерекше атап өтуге бағытталған маңызды іс-шара болды. Спорт арқылы жігер мен табандылықты көрсеткен жастарымызға тек жоғары жетістіктер мен жаңа биіктерді бағындыруды тілейміз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив