Cемей-19°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
501.02 597.27 6.59

Көкпектіні ән мен думан тербетті

13-07-2025, 22:02 018.kz

Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Көркейген өлке – Көкпекті» атты республикалық спорт және мәдениет фестивалі өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған ауқымды мерекелік шара Көкпекті өңірін думанға бөлеп, ауыл тұрғындары мен алыстан келген қонақтардың жүрегінен ерекше орын алды. Бұл тағылымды да тағдырлы фестиваль ел есінде ұзақ сақталары сөзсіз.

Фестивальдің жабылу салтанаты сән-салтанаты жарасқан гала-концертпен қорытындыланды. Көкпектінің кең даласын әсем әнге бөлеген кеште Қазақстан эстрадасының танымал жұлдыздары — Қазыбек Құрайыш, Қуандық Рахым, Мадина Садуақасова, Альбина Шардарова сахна төріне шығып, көрерменге рухани әсер сыйлады. Өнерпаздардың әсерлі әндері, қуатты дауыстары мен сахнадағы шынайы жылулығы көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Мерекелік кешке аудан тұрғындарымен қатар, көршілес өңірлерден арнайы келген қонақтар да көп болды. Ұйымдастыру алқасының мәліметінше, фестиваль аясындағы іс-шараларға 10 мыңнан астам адам қатысқан. Бұл — Көкпекті халқының ауызбіршілігінің, ұлттық құндылықтарға деген құрметінің және Абай мұрасына деген терең тағзымының айқын көрінісі.

«Көркейген өлке – Көкпекті» фестивалі спорт пен мәдениетті, салт-дәстүр мен заманауи өнерді үйлестіре отырып, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырды. Ел рухын көтерген, ұлттық бірлікті нығайтқан бұл ауқымды шара Көкпектінің мәдени өмірінде айрықша орын алып, өңірдің әлеуетін кеңінен таныта білді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив