Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.71 505.8 5.63

Семейде аспалы көпірдің шұңқырларын жөндеу жұмыстары жүргізілуде

7-04-2023, 11:40 Думан Кенжеғазыұлы

Қалалық жолдарда шұңқырларды жөндеу жұмыстары күшейтілді. Аспалы көпірдегі авариялық жағдайлардың алдын алу және көлік құралдарының өз қозғалыс жолақтары бойынша кедергісіз жүріп-тұруы мақсатында көпірдің жол төсемін уақытша шұңқырларын жөндеу жұмыстары басталды.

Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпірді күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу шеңберінде аспалы көпір жабынының жоғарғы қабатына КМА-10 – кеуекті-мастикалық асфальтбетон қоспасын қолдана отырып жөндеу жүргізілді. Асфальтбетон оның қасиеттерін жақсарту нәтижесінде ғылыми негізделіп, (беріктігін, су өткізгіштігін) және көлік құралдарының қозғалысы кезінде шу деңгейін төмендетудің технологиялық артықшылықтарын сақтай отырып, оңтайландыру нәтижесінде әзірленді. Аталмыш технология бойынша асфальтбетонды төсеу ауа температурасы 20% жоғары болған кезде жүргізіледі. Осыған байланысты жұмыстар ағымдағы жылдың маусым айына жоспарланған.

Қазіргі уақытта түнгі температураның салқындығына байланысты бұл жұмыстар күндіз жүргізілді. Қала тұрғындарынан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив