Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
465.74 531.08 5.92

Қала аумағындағы тарихи және мәдени ескерткіштердің жай-күйіне мониторинг жұмыстары жүргізілді

13-04-2023, 09:50 Думан Кенжеғазыұлы

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың тапсырмасына сәйкес, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық бөлімінің, сәулет және қала құрылысы бөлімінің, «Абай облысының тарихи-мәдени мұрасын қорғау орталығы» КМҚК қызметкерлерімен және БАҚ өкілдерімен қала аумағындағы тарихи және мәдени ескерткіштердің жай-күйіне мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 наурыздағы №58 «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» қаулысына сәйкес қалада 68 тарих және мәдениет ескерткіштері тіркелген. Оның ішінде 35 сәулет және қала құрылысы, 17 монументалды өнер, 16 тарих және археологиялық ескерткіштер бар. Олардың 10 – республикалық, 58 - жергілікті маңызы бар ескерткіштер болып табылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив