Артур Ластаев Конституцияда өмір сүру құқығының абсолюттік басымдығын бекітуді ұсынды
Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Конституциялық комиссияның алғашқы отырысында Ата заңды жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын баяндады. Ол адамға бағдарланған тәсілді күшейту, негізгі құқықтар мен әрбір азаматтың бостандығын басымдық ету қажеттігін атап өтті.
Негізгі ұсыныстар қатарында омбудсмен барлық негізгі құқықтар мен бостандықтарды Конституцияның адам құқықтарын қорғауға арналған бір бөліміне жинақтау қажеттігін, бұл бірқатар шетелдік тәжірибелерге ұқсас екенін айтты.
Омбудсмен Конституцияда өзі мен жақындарына қарсы куәлік бермеу және өз кінәсіздігін дәлелдемеу құқығын бекіту қажеттігін айтты. Осыған ұқсас қорғау құқығы діни қызметкерлерге де қатысты болуы керек, әсіресе діни рәсімдер кезінде алынған ақпарат турлы сөз болып отыр.
Сондай-ақ, негізгі құқықтар бөлімінде басты назарға Кінәсіздік презумпциясын қою қажеттігі айтылды.
Бұдан бөлек, омбудсмен әділдік және жазаның сәйкестігі бойынша халықаралық қағидаттарды Конституцияда тікелей бекіту ұсынысын айтты. Ондағы негізгі элемент – бір іс бойынша қайта жазалауға жол бермеу.
Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарымен тікелей байланысты тағы бір маңызды мәселе – азаматтардың өз құқықтарының тұрақтылығына сенімді болуы.
Сол сияқты бұл қағида өз ойларын еркін айту және ақпарат тарату құқығы секілді басқа да негізгі кепілдіктерне қатысты. Артур Ластаевтың айтуынша, сөз бостандығы басқа азаматтардың ар-намысына және қадір-қасиетіне нұқсан келтірмеуі қажет.