Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Семейде жол жиектері мен қоршауларды әктеу жұмыстары жүргізілуде

13-04-2023, 16:33 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін мердігер ұйымдар қыс маусымынан кейін кірленген аспалы көпірдің айналма жолын, Селевин көшесі мен Абай көшесіндегі қоршауларды, бордюларды, өткел қабырғаларын әктеу жұмыстарын жүргізді. Жол белгілерін жуу мен әктеуге 3 бригада жұмылдырылды. Бұл жұмыстар маусым айының ортасына дейін қаланың әртүрлі аудандарында жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, осы аптада алаңдар, саябақтар, қоғамдық кеңістіктер қоқыстардан тазартылатын болады. Бұл жұмыстарға Семей қаласының әртүрлі аудандарында 80-нен астам жұмысшы мен 30 бірлік арнайы техника тартылды. Сонымен қатар, 3 бригада жол белгілерін, бағдаршамдар мен тіректерді жуумен айналысады.

Естеріңізге сала кетейін, 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Семейде экологиялық екіайлық жарияланды. Акция аясында аумақты санитарлық тазарту және рұқсат етілмеген қоқыстарды жою бойынша коммуналдық қызметтердің жұмысы күшейтілді. Барлық мекемелердік кәсіпорындардың және қала тұрғындарының қатысуымен сенбіліктер өткізіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив