Cемей-17°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
503.35 590.63 6.62

Облыс әкімі Бесқарағай ауылындағы спорт нысандарын аралады

Кеше, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Аймақ басшысы Берік Уәли Бесқарағай ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысымен және салынып жатқан жүзу бассейнінің құрылыс барысымен танысты.

2015 жылы ашылған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде 380 бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады. Еркін күрес, қазақша күрес, волейбол, футбол және жеңіл атлетика секілді спорт түрлеріне ден қойылған. Мұнда 40-қа жуық адам жұмыс істейді.

Спорт кешенінің жылу жүйесінде бірқатар мәселелер бар. Ғимараттың іші салқын, нысанның кейбір бөлмелерінде төбеден су ағады. Пайдалануға берілген сәттен бастап ғимаратта күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Сондықтан қосымша жөндеу жүргізу қажеттігі туындап отыр.

Облыс әкімі бұл мәселенің назардан тыс қалмайтынын айтып,  спорт кешеніне жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді тапсырды.

Аймақ басшысы Бесқарағай ауылында салынып жатқан жүзу бассейнінің құрылыс алаңына да барды. Қазіргі уақытта нысан 85 пайызға дайын. Ішкі әрлеу және бассейн жабдықтарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жүзу бассейні іске қосылғаннан кейін бір ауысымда 40 адамды қабылдайтын болады.

Облыс әкімі ауылдық жерлерде спорт инфрақұрылымын дамытудың маңызы зор екенін атап өтті. Бассейн құрылысын жүргізіп жатқан мердігерлерге нысанды белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

«Бесқарағай ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен салынып жатқан жүзу бассейнінің ауыл тұрғындары үшін маңызы зор. Қазіргі уақытта облысымызда 19 спорт кешені салынып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады», - деді аймақ басшысы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив