Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
503.35 590.63 6.62

Көкпектілік балабақша тәрбиеленушілері робототехникадан Азияға жолдама алды

Бүгін, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Астана қаласында жасөспірімдер арасында өткен «Astana First & Drones Championship 2026» атты республикалық робототехника чемпионаты өз мәресіне жетті. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған жас өнертапқыштар заманауи технологияға бейімділіктерін танытып, білімдері мен шығармашылық қабілеттерін сынға салды.

Аталған додада Абай облысы, Көкпекті ауданына қарасты «Шуақты шұғыла» балабақшасының тәрбиеленушілері ерекше көзге түсті. «Толағай» археологиялық командасының құрамындағы 4–6 жас аралығындағы бүлдіршіндер FLL Discover санаты бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Елордалық жарыста өздерінің алғашқы ғылыми ізденістері мен робототехникалық жобаларын сәтті қорғаған кішкентай өнертапқыштар Орта Азия елдері қатысатын халықаралық чемпионатқа жолдама алды. Бұл – ауыл балалары үшін ғана емес, тұтас өңір үшін зор жетістік әрі мақтаныш.

Енді жас робототехниктер 12 ақпан күні өтетін халықаралық додада Қазақстанның абыройын асқақтатпақ. Бүлдіршіндердің бұл табысына оларды жарысқа дайындаған жетекшілердің еңбегі де орасан. Атап айтқанда, Бақытбек Нұрлыбекұлы, Айсұлу Сұңғатқызы, Гүлжанат Қанағатовна, Олжас Советбекұлы, Назым Жұмабекқызы және Гүлім Талғатқызы жас өрендердің шығармашылық әлеуетін ашып, білімге деген қызығушылығын арттыруға зор үлес қосты.

Болашағынан зор үміт күттіретін көкпектілік бүлдіршіндерге алдағы халықаралық жарыста сәттілік тілейміз!

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив