Абай облысында тоғызқұмалақтан облыстық біріншілік қорытындыланды
Өңірде ерлер мен әйелдер арасында тоғызқұмалақтан облыстық біріншілік өтті. Дәстүрлі ұлттық спорт түрінен ұйымдастырылған жарысқа Аягөз, Көкпекті, Жарма, Бесқарағай, Абай аудандары мен Семей қаласынан келген спортшылар қатысты.
Турнирге барлығы 52 спортшы қатысып, жарыс 7 тур бойынша ұйымдастырылды. Төрт күнге созылған бәсекенің нәтижесінде үздік ойыншылар анықталды.
Марапаттау рәсіміне Абай облысы Тоғызқұмалақ федерациясының президенті Жарқын Жұмаділов мен Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бахыт Бекбосынов қатысып, жеңімпаз бен жүлдегерлерге медаль мен дипломдар табыстады.
Жарқын Жұмаділов тоғызқұмалақтың өңірде қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, спортшылар мен бапкерлерге алғысын білдірді.










