Cемей-24°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
498.65 589.06 6.49

Қазақстан мен Қырғызстанның курорттық-рекреациялық нысандарын пайдалану мәселелері Сенатта қаралды

Кеше, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы курорттық-рекреациялық шаруашылық нысандарын пайдалану және дамыту саласындағы үкіметаралық келісімдерді ратификациялау туралы заңдарды қарады.

Атап айтқанда, сенаторлар «2009 жылғы 1 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының Ыстықкөл ауданындағы жер учаскелерін жалға беру туралы шартты және 2009 жылғы 1 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының Ыстықкөл ауданындағы жер учаскелерін жалға беру туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңды қарады. Құжат курорттық-рекреациялық нысандар орналасқан жалпы ауданы 58,8 гектар жер учаскелерін уақытша ақылы пайдалану шарттарын реттейді, сондай-ақ тараптардың оларды нысаналы пайдалану және сақтау бойынша міндеттемелерін бекітеді.

Бұдан бөлек, «2006 жылғы 4 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық объектiлерiне Қазақстан Республикасының меншiк құқықтарын реттеу туралы келiсiмді және 2006 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық объектiлерiне Қазақстан Республикасының меншiк құқықтарын реттеу туралы келiсiмге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заң қаралды. Құжат Қазақстанның бірқатар нысанға меншік құқығын растайды, оларды жаңғырту бойынша міндеттемелерді ұзартады және туристік инфрақұрылымды дамыту үшін инвестициялар тарту мүмкіндігін қарастырады.

Сенаторлардың пікірінше, аталған заңдарды іске асыру Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға, курорттық нысандарды жаңғырту үшін жағдай жасауға және жалпы туристік саланы дамытуға ықпал ететін болады.

Отырыс қорытындысы бойынша Комитет мүшелері Заңдарды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив