Абай облысы мәслихатының төрағасы Шалқар Байбеков Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында сөз сөйледі
Бүгін Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысы өтті. Отырыс барысында Абай облысы мәслихатының төрағасы Шалқар Байбеков сөз сөйледі.
Отырыс барысында төраға Жаңа Конституция жобасының еліміздің ұзақ мерзімді дамуына бағытталған маңызды құжат екенін атап өтті. Құжаттың өзегінде адам, оның білімі, денсаулығы және қоршаған ортасы мемлекеттің басты құндылықтары ретінде айқындалғанына назар аударды.
Шалқар Байбеков Абай өңірі үшін білім мен мәдениеттің, ағартушылықтың басым бағыт ретінде бекітілуінің ерекше маңызға ие екенін айтты. Ғылымның конституциялық деңгейде орнығуы жоғары оқу орындарының әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жастардың туған жерінде қалып, еңбек етуіне мүмкіндік береді.
Сондай-ақ экологиялық қауіпсіздік мәселесіне ерекше тоқталып, өңір үшін қоршаған ортаны қорғау мен халықтың қолайлы өмір сүру ортасына құқығын Ата заң деңгейінде бекіту уақыт талабынан туындаған маңызды қадам екенін жеткізді.
Төраға Жаңа Конституция жобасының кең қоғамдық талқылау арқылы қалыптасқанын атап өтіп, бұл құжат елдің тұрақты дамуына берік негіз болатынына сенім білдірді.



