Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.91 499.05 5.3

Республикалық жастар ұйымдары жаңа Конституция жобасын қолдады

10-02-2026, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада республикалық жастар ұйымдарының қатысуымен конституциялық реформаларды талқылауға және оларды қоғамдық қолдауға бағытталған дөңгелек үстел өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында конституциялық реформалардың мәні мен маңызын түсіндіру, жастар ұйымдарының азаматтық қоғамды дамытудағы рөлін айқындау, сондай-ақ реформаларды қолдауда ортақ ұстаным қалыптастыру.

Іс-шараға Қазақстан Жастар конгресі, Қазақстан студенттер Альянсы, «Жастар Ассамблеясы» Республикалық жастар ұйымы, «Қазақстанның медициналық жастары» ҚҚ, «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабының өкілдері қатысты.

Жиын соңында қатысушылар аталмыш реформаларды қолдайтындарын білдіріп, бұл өзгерістер елдің саяси жүйесін жаңғыртуға ықпал ететінін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив