Конституциялық комиссия мүшелері қазіргі Парламенттің өтпелі кезеңдегі өкілеттік мерзімдерін талқылады
Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 11-ші отырысында елдегі саяси үрдістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасында барлық өтпелі ережелерді нақтылап жазу қажет деген пікір білдірді.
Мәжіліс депутаты ең алдымен жаңа Конституцияның тәртібі мен күшіне ену мерзімдерін біржақты етіп анықтау қажет екенін атап өтті.
Оның айтуынша, сондай-ақ өтпелі кезеңдегі қазіргі мемлекеттік билік органдарының мәртебесі туралы мәселені реттеу керек.
Атап айтқанда, қазіргі Парламент өз өкілеттігін қай сәтке дейін жүзеге асыратынын анықтау қажет, Құрылтай сайлауы қандай мерзімде және қандай тәртіппен өткізіледі?
Снежанна Имашева өтпелі ережелерде Конституциялық сот, Орталық сайлау комиссиясы және Жоғары аудиторлық палатаның жаңа құрамын қалыптастыру тетіктерін қарастыру маңызды екенін айтты.
Бұған қоса, негізгі мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын тағайындау тәртібі де регламенттеуді талап етеді.
Депутаттың айтуынша, қазіргі заңнаманы қолдану мәселесі ерекше назар аударуды талап етеді. Осыған байланысты жаңа Конституцияның жобасында Конституция күшіне енген күні қолданылып жүрген заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер күшін сақтайды ма және олар қандай мерзімде ережелерге сәйкестендірілуі тиіс екенін нақты белгілеу қажет деді ол.