Цифрлық құқықты қорғау бүгінгі күннің талабы – Алматы облысы мәслихатының төрағасы
Жаңа Конституция жобасындағы цифрлық ортаны реттеуге қатысты ұсыныстар Алматы облысының тұрғындары үшін айрықша маңызды. Бұл туралы облыс мәслихатының төрағасы Қуат Байғожаев Конституциялық комиссияның 11-ші отырысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, Алматы облысы – халық тығыз қоныстанған, цифрлық сервистер белсенді іске қосылған өңірлердің бірі. Сондықтан, ұлттық экономиканың өсу драйверіне айналуы тиіс «Alatau City» жобасы дәл осы өңірде қолға алынып жатыр.
Өз сөзінде спикер азаматтардың өзара хат-хабар алмасу қауіпсіздігі, электронды коммуникация, дербес деректердің қорғалуы сынды мәселелердің қамтылуы жеке өмір құпиясының кепілдігін нығайтып, цифрлық сервистерге деген сенімді күшейтетінін жеткізді.
Сөз соңында Комиссия мүшесі Конституция жобасы жеткілікті пысықталғанын және оны бүкілхалықтық референдумға шығаруға болатынын айтты.