Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Абай облысының әкімі Семейдегі аяқ киім фабрикасының жұмысымен танысты

26-04-2023, 15:05 Думан Кенжеғазыұлы

«Семей аяқ киім фабрикасы» ЖШС отандық және шетелдік өндірушілердің материалдарынан күнделікті және арнайы, әскери аяқ киім өндіруге және сатуға маманданған кәсіпорын. Кәсіпорындағы сапаны бақылау Еуропалық сапа менеджменті сертификатымен, сондай-ақ тауардың шығу сертификатымен расталады. Аяқ киім ҚР МЕМСТ және СТ сәйкес шығарылады, бұл сертификаттармен және сәйкестік декларацияларымен расталған.

Фабрика өкілі облыс әкіміне кәсіпорынның жұмысын таныстырып, алдағы жоспарлары туралы баяндады. 

«Жоспар бойынша жұмыс істейміз. Өткізу нарығы бойынша біз өңдейміз. Азаматтық аяқ киім желісі бар. Ассортимент бар. Жұмыс әртүрлі бағыттар бойынша жүргізіледі. Ең бастысы мемлекеттік тапсырысқа кетеді. Әрі қарай дамуды жоспарлап отырмыз», - деді кәсіпорын өкілі. 

Аймақ басшысы өз кезегінде фабрика басшылығына өндірілетін өнімнің сапасына ерекше назар аударуды және жергілікті нарыққа шығу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Мүмкіндігінше білім беру мекемелерімен шарт жасап, көп балалы және мұқтаж отбасыларға көмек көрсету қажеттігін айтты. Кәсіпорын өкілдері әкімнің ұсынысын қолдады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив