Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
490.58 584.77 6.34

Ақсуат ауданында асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтар саны артып келеді

Бүгін, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Ақсуат ауданында мал шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша төрт түлік саны айтарлықтай өсті.

Мамандардың мәліметіне сәйкес, ірі қара мал саны 129,1 мың басқа жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға артқан. Қой мен ешкі саны 206,6 мың басты құрап, 4,8 пайыз өсім көрсетті. Ал жылқы саны 29,8 мың басқа жетіп, 4,3 пайызға ұлғайды. Бұл көрсеткіштер аудан экономикасында мал шаруашылығының маңызды рөл атқаратынын көрсетеді.

Мал шаруашылығындағы өзекті бағыттардың бірі – мал тұқымын асылдандыру. Осы бағытта 2025 жылы асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтар саны 112-ге жетті. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 16 шаруашылыққа артық. Қазіргі таңда олардың 75-і ірі қара өсірумен, 32-сі қой шаруашылығымен, 5-еуі жылқы өсірумен айналысады.

Аудандағы асыл тұқымды мал басы да едәуір артқан. Атап айтқанда, ірі қара – 42 400 бас, қой – 86 700 бас, жылқы – 1 770 бас. 2026 жылы асыл тұқымды шаруашылықтар санын 125-ке жеткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мақсатында аудан шаруашылықтары мемлекеттен 1 млрд 400 млн теңге көлемінде субсидия алуды көздеп отыр.

Ауданның мал шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстар ауыл экономикасын нығайтуға, өнім сапасын арттыруға және шаруалардың табысын көбейтуге бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив