Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

ҚР Қылмыстық кодексіне кінәліге тәуелді адамға қатысты іс-әрекет жасау белгілері енгізілді

27-04-2023, 10:15 Думан Кенжеғазыұлы

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Тергеу департаменті басқармасының бастығы Ермек Шүлден адам құқықтары саласындағы заңның жаңашылдықтары туралы айтып берді.

Оның айтуынша, 17 сәуірде Мемлекет басшысы қылмыстық сот төрелігінде жазаны орындау және азаптау мен қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын әрекеттердің алдын алу саласындағы адам құқықтары мәселесі бойынша Заңға қол қойды. Заңды ІІМ Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау сондай-ақ адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында әзірлеген. 

«Түзетулер сотталғандардың денсаулығын сақтау құқығын жүзеге асыру, ауыр сырқаттар болған кезде адамгершілікпен қарау, сотталған әйелдердің балаларымен әлеуметтік байланыстарын сақтау, алғаш рет сотталғандар арасында заңға бағыну мінез-құлық тетіктерін кеңейтуді, сондай-ақ ұлттық заңнаманы БҰҰ-ның азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясына сәйкес келтіруді көздейді», - деді ҚР ІІМ департаментінің бастығы.

Сонымен қатар Заңда тұрмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді.

Әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасынан өзге, қылмыстық заңнамаға да өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, тұрмыстық жағдайда «кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділікте болған адамға қатысты жасалған» ауыр жарақат және орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтіргені үшін ауырлататын қылмыстық жауапкершілік туындайтын болады. Қылмыстық кодекстің 106-шы және 107-ші баптарында көрсетілген «кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділікте болған адамға қатысты іс-әрекет жасау» деген ауырлататын мән-жайлар енгізілді.  

Заңның тағы да бір жаңалығы - бейнежазбаны қолданған жағдайда тергеушінің қысқаша хаттама жасау құқығының енгізілуі.

«Бұл процесуалдық мерзімнің қысқаруын және азаптауды болдырмауды қамтамасыз етеді. Норма азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға, тергеу әрекеттерін жүргізу уақытын қысқартуға және бюрократиядан арылуға бағытталған», - деді Е. Шүлден.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив