Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
489.99 580.25 6.38

ҚР ЕХӘҚМ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицерлермен жұмыс кездесуі өтті

Бүгін, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде ведомствоға қарасты ұйымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицерлерімен жұмыс кездесуі өтті. Іс-шара ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамыту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу тиімділігін арттыру мәселелеріне арналды.

Іс-шараға аппарат басшысы Нұрдәулет Төлеев, Әдеп жөніндегі уәкіл Өркен Алшынбаева, сондай-ақ ведомствоға қарасты келесі ұйымдардың өкілдері қатысты:

  • «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ;
  • «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ;
  • «Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК;
  • «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК;
  • «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ.

Қатысушылар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайтып, ұйымдарда орнықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүйелі әрі сапалы іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Ведомствоға қарасты ұйымдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, талдау және өзектендіру мәселелеріне, сондай-ақ басқарушылық үдерістердің ашықтығын қамтамасыз етудегі комплаенс-бақылаудың рөлін арттыруға ерекше назар аударылды.

Талқылау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алудың жүйелі моделін қалыптастыру барысында мүдделер қақтығысын реттеу рәсімдерін жетілдіру және тұрақты өзара іс-қимыл тетіктерін жолға қоюды қамтитын алдағы жұмыстың басым бағыттары айқындалды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив